Бүгін, 2021 жылдың 11 қаңтарында ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» жобасын іске асыру аясында Мажарстан Халық Республикасының өкілдерімен кезекті кездесу өткізді.
Ұлттық парк аумағында тарихи ғұндар қонысын қалпына келтіру жоспарлануда. Оның қайта құрылуы ғұндардың ертедегі түріктермен тығыз байланысымен анықталады. Кездесу барысында «Тұран» қоры Мажарстан қорының жетекшісі Андраш Жолт Биро, Будапешт қаласының Табиғи тарих музейінің директоры және ғылыми қызметкері ғұндар қоныстарын зерттеу және қайта құру, археологиялық объектілерді музеефикация бөлігінде жобаны қолдауға дайын екендіктерін білдірді.