“Өзбекәлі және мәдени майдан” 2025 жылғы 26 наурызда "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Бүгін белгілі ғалым, мәдениеттанушы Санжар Керімбаймен кездесу өтті.

Кездесу барысында ол өз еңбегі – “Өзбекәлі және мәдени майдан” атты кітабы туралы кеңінен әңгімеледі. Бұл зерттеу еңбегі Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің мәдени саясаттағы рөлін жан-жақты талдауға арналған. Автор Жәнібековтің ұлттық құндылықтарды сақтау мен жаңғырту жолындағы еңбегін, кеңестік идеология жағдайындағы мәдениет майданында жүргізген күресін тарихи-ғылыми контексте қарастырады.

Кітапта мәдени мұра, ұлттық сана, тарихи жады және рухани жаңғыру ұғымдары терең талданып, қазақ халқының мәдени болмысын сақтау жолындағы Өзбекәлі Жәнібековтің стратегиялық ұстанымдары айқын көрсетілген. Автор архивтік құжаттарға, тарихи деректерге, сондай-ақ зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, тұлғаның қазақ мәдениетіндегі орнын жаңаша қырынан ашып көрсетеді. Кездесу барысында Санжар Керімбай кеңестік кезеңдегі ұлттық мәдениетті сақтау мәселелері мен бүгінгі күнгі мәдени саясаттың сабақтастығы жөнінде ой қозғады. Сондай-ақ, аудиториямен пікір алмасу барысында қазақ интеллигенциясының рухани мұрасы, тарихи жадының маңыздылығы және ұлттық мәдениеттің жаһандану жағдайындағы даму болашағы туралы өз көзқарасын білдірді.

Бұл кітап – мәдениеттану, тарих және әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеушілер үшін құнды еңбек болуымен қатар, ұлттық сана мен тарихи мұра тақырыбына қызығушылық танытатын жалпы оқырманға да маңызды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қалыбаев Асқар Қапалбекович, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерназаров Асет Сағитұлы, сондай-ақ дирекция қызметкері Ермекқызы Аружан «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне арнайы келді.

Подробнее »

ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК мен «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Подробнее »